Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалақысының тең жартысын жәдігерге жұмсаған: қызылордалық "Музей апа" туралы не білеміз (фото)

Жарияланған күні:

Күләш Алматшаева. Фото
Күләш Алматшаева. Фото: Жеке мұрағат

Қызылорда қаласының тұрғыны жарты ғасырдан аса уақыты мен жалақысының тең жартысын екі мыңдай жәдігер жинауға жұмсаған. Бұл туралы Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көпшілік арасында "Музей апа" атанып кеткен Күләш Алматшаеваның коллекциясында екі мыңнан аса жәдігер бар.

Күләш Алматшаева саналы ғұмырын Қызылорда қаласында орналасқан Қаракөзов атындағы №235 орта мектепте өткізіп келеді. Ол біраз жыл орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген. Зейнет жасында болса да әлі күнге мектептегі "Атамекен" музейіне жетекшілік етіп келеді.

Күләш Алматшаева. Фото
Күләш Алматшаева. Фото: Жеке мұрағат

Ең қызығы, Күләш Алматшаева жәдігерлерді жалақысына сатып алып, жинаған. Қайда барса да құр қол қайтпайтын жанның бұл әрекетіне үй іші түсіністікпен қарайды.

"Құны жағынан ең қымбаты, салмағы жағынан ең ауыры – арба. Тарихы екі жүз жылға татиды. Атқа да, түйеге де, өгізге де жеккен. Ұлым сатып алып берді. Қаншаға алғанын айтпады, бірақ қымбат екені сөзсіз. Оны мұнда жеткізудің өзі мұң болды. Жалпы балаларым жалақымның біраз бөлігін музейге жұмсағаныма еш ренжіген емес. Қызығушылығым болғасын қарсы келмейді. Немереме дейін тиын тауып алса да маған әкеп береді", - деqді Күләш Алматшаева.

Күләш Алматшаева. Фото
Күләш Алматшаева. Фото: Жеке мұрағат

Музейде киізден басылған жайнамаз, Алаш арыстары – Мұстафа Шоқай, Сәкен Сейфуллин ұстаған портфельдер, мектептің алғашқы қоңырауы, сиялы қалам, Кеңес одағы кезіндегі оқушы партасы, портфелі сияқты дүниелер сақталған. Сонымен қатар ұлттық жәдігерлер, музыкалық аспаптар, ыдыс-аяқтар және тағы басқа көне заттар музей төрінде тұр.

"Қазақстанның Халық әртісі, кино және театр актрисасы Әмина Өмірзақованың "Тақиялы періште" фильмінде тартқан шәлісі тоқылған аппарат та бар. Оны Орынборға сапарым кезінде сатып әкелгенмін", - деді музей жетекшісі.

Күләш Алматшаева. Фото
Күләш Алматшаева. Фото: Жеке мұрағат

Күләш Алматшаева қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың суреті кестеленген кілемшені қалай тапқанын айтып берді.

"Оқушыларымыздың бірінің анасы туысының үйіне қыдырып барған. Еденге осы кілемшені төсеп тастапты. Үй иелері кілемшеде кім бейнеленгенін білмейді екен. Тарихи тұлғаны аяқасты етуге болмайтынын айтып, ол маған жеткізіп берді. Жуып, әрең тазарттым", - деді Күләш Алматшаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139207-zhalaqysynyng-teng-zhartysyn-zhadigerge-zhumsagan-qyzylordalyq-muzei-apa-turaly-ne-bilemiz-foto/