Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аграрлық несие корпорациясы" филиалының директоры сотталды

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: seb_ra / Getty Images

Петропавл қалалық соты "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директорына қатысты үкімді жариялады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Агенттіктің Telegram-дағы ресми арнасындағы мәлімет бойынша, директор ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден арнайы техника сатып алу және айналым қаражатын толықтыруға несие қарыздарын жеделдетіп бергені үшін 100 және 500 мың теңге мөлшерінде бірнеше мәрте пара алғаны үшін кінәлі деп танылған.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139228-agrarlyq-nesie-korporatsiiasy-filialynyng-direktory-sottaldy/