Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағдай қиын": министр ғылым өндіріске не себепті араласпай жатқанын түсіндірді

Жарияланған күні:

Мұғалімдер
Көрнекі фото: bilimdinews.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылымның өндіріске өзгеріс алып келмей жатуының себебін бұл саланың ұзақ уақыт назардан тыс қалуымен түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Министрліктің баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері елімізде ғылымға көңіл бөлініп жатқаны көп айтылғанымен, су тасқыны кезінде ғалымдар жетіспеушілігі байқалғанын тілге тиек етіп, мұның себебін сұрады. "Ғалымдар елімізді шетелге мойындатпаса да, ел ішіндегі мәселелерді шешуге неге қауқарсыз?", - деп сұрады журналист.

Бұл ретте министр 1990-2000 жылдары ғылыми потенциалы жоғары ғалымдар елден кетіп қалғанын айтты.

"Ғылыми потенциалы бар ғалымдардан айырылып қалдық. Бір ғана дәлел келтірейін. 1990 жылы 52 мың ғылыми қызметкер болса, 2000 жылы 12 мың ғана. Ғылым саласындағы бір буынды жоғалтып алдық. Алыс-жақын шетелдерге кетіп қалды. Марат Сапарбаев Франциядағы лабораторияны басқарды деген жаңалықты оқимыз, мысалы.

Екінші статистикалық дерек – ғылымға бөлінетін қаржы тым аз болды, бұл өте салмақты әрі өзекті мәселе. Осы себептен ғылыми мектептер жабылып, ғалымдардың сабақтастығы үзіліп қалды. Гидрология сияқты салаларда жағдай қиын. Қазір осыған байланысты үкіметпен бірлесіп, Қазақ ұлттық су шаруашылығы институтын құрғалы жатырмыз", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139276-zhagdai-qiyn-ministr-gylym-ondiriske-ne-sebepti-aralaspai-zhatqanyn-tusindirdi/