Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директорына қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды

Жарияланған күні:

Қылмыстық іс құжаттары
Қылмыстық іс құжаттары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржылық мониторинг агенттігі "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратовқа қатысты қылмыстық істі қарауды аяқтады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, тергеу қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдалану фактісі бойынша жүргізілген, бұл мемлекетке аса ірі залал түрінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырды.

"Мұрат Досмұратов 2022-2023 жылдар аралығында жеткізушінің жеткізілген жабдыққа тиесілі кепілдік мерзімі уақытында АМӨЗ қаражатынан ақшалай қаражатты негізсіз бөліп, жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге технологиялық жабдықты жөндеу бойынша тиісті шарт жасасты деген күдікке ілінді", - делінген ведомство хабарламасында.

Оған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етілмеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139496-qma-okili-atyrau-munai-ongdeu-zauytynyng-buryngy-bas-direktoryna-qatysty-qylmystyq-is-aiaqtalganyn-habarlady/