Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шымкент-Астана" бағытындағы пойызға жолаушыларды билетсіз мінгізгендер жұмыстан шығарылды

Жарияланған күні:

пойыз жолы
Пойыз. Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазақстан темір жолы" билетсіз жолаушыларды тасымалдау және жол жүру құжаттарын заңсыз сату фактілерін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ компанияның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Компанияда жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тарта отырып, тұрақты ішкі тексерулер мен жеке тексерістер жүргізіліп жатыр. Осы ретте Алматы-2 теміржол вокзалында билеттерді заңсыз қайта сатуды және жасанды тапшылықты анықтаған қызметтік тексеріс болған.

"Шымкент станциясындағы тексерулердің бірінде билетсіз жолаушыны тасымалдау фактісі анықталды. "Шымкент – Астана" пойызының жолсеріктері ресми сатып алмаған билетсіз адамды белгілі бір сомаға алып жүруге келіскен", - деп хабарлады ҚТЖ өкілдері Telegram-дағы арнасында.

Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша пойыз бастығы мен жолсерік жұмыстан шығарылды, ал екінші жолсерік пен Шымкент станциясы учаскесі бастығының орынбасарына қатаң сөгіс берілген.

Компания ішкі тексерулер елдің барлық вокзалдарында өтіп жатқанын ескертті. Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды @jolaushylar_tasymaly (direct) парақшасына немесе +7 776 714 5686 ватсап-нөміріне фото -, аудио -, бейнематериалдар ұсына отырып, жолаушыларды билетсіз тасымалдау және билеттерді заңсыз қайта сату фактілері туралы хабарлауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139552-shymkent-astana-bagytyndagy-poiyzga-zholaushylardy-biletsiz-mingizgender-zhumystan-shygaryldy/