Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келісім бермеген соң зорлық көрсеткен": Шымкентте қалыңдықтың ұрланғаны туралы ақпаратқа полиция түсінік берді

Жарияланған күні:

Қалыңдық
Қалыңдық. Көрнекі фото: pexels.com

Желіде 20 жастағы қызды алдымен үйлену мақсатында алып қашып, кейін зорлық көрсеткені туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Шымкенттік ер адам алдымен 20 жастағы қызды алып қашқан, ал қыздың келіспегенін көрген соң, оған зорлық көрсеткен. Жігіттің туыстары қыздың ата-анасына "қуанышты" хабарды жеткізіп, жәбірленушінің жақындары екеуін үйлендіруге келіскен. Қызды құрбылары құтқарып қалды", - деп жазады Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасы.

Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Осы фактке қатысы бар тұлғалардың полицияға жеткізілгенін хабарлаймыз, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Еске сала кетейік, биыл Шымкент прокуратурасы адам ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын. Бақылау органының хабарлауынша, полицияға қызын белгісіз біреу тұрмысқа шығу мақсатында ұрлап кеткенін айтып қала тұрғыны арызданған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Маңғыстау облысының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ал былтыр жазда әлеуметтік желілерде Түркістан облысында ұрланды деген қалыңдық күйеу жігіттің туыстарына ешқандай шағымы жоқтығы туралы қолхат жазып жатқан видео пайда болды. Облыстық полиция департаменті 20 жастағы бойжеткеннің Асықата ауылының 24 жастағы тұрғынына өз еркімен тұрмысқа шыққанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139616-qyz-kelispegen-song-zorlagan-shymkentte-qalyngdyqtyng-urlangany-turaly-aqparatqa-politsiia-tusinik-berdi/