"Секірмек болған": Алматыда көпқабатты пәтердегі өрттен шыға алмай қалған ерлі-зайыпты құтқарылды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматыда түнде тұрғын үй пәтерлерінің бірінде өрт шығып, адамдар эвакуацияланды, оның ішінде егде жастағы адамдар да болды. Төтенше жағдайлар департаменті құтқару жұмыстарының видеосын жариялады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Instagram желісіндегі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар қызметінің парақшасындағы мәлімет бойынша, өрт Бостандық ауданындағы Торайғыров 21 мекенжайында болған
"Тұрғын үйдің 9-қабатындағы пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Үш бөлмелі пәтердің балконы, ас үйі мен бөлмесі өртеніп, тұрғындардың өміріне қауіп төнді. Ауа температурасының жоғарылауына байланысты егде адамдар алдыңғы есіктен шыға алмаған. Куәгерлердің айтуынша, олар тіпті балконнан секірмек болған.
Аға инженер Вилик Мерекеев дереу құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйғарды. Барлау және өртті сөндіру кезінде жанып жатқан пәтерден екі адам – 57 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйел құтқарылды, көрші пәтерден 6 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт 02:45-те оқшауланып, 02:54-те сөндірілді", - делінген ТЖД хабарламасында.
Жедел жәрдем бригадасы тексергеннен кейін ерлі-зайыптыларды үйіне жіберді.
Ведомство мәліметінше, өрттің алдын ала себебі – тұрмыстық электр жабдықтарының (тоңазытқыш) апатты жағдайда болуы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139666-sekirmek-bolgan-almatyda-kopqabatty-paterdegi-ortten-shyga-almai-qalgan-erli-zaiypty-qutqaryldy-video/