Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістандық тұрғын үш бұқасынан айырылды: күдікті туысы болып шықты

Жарияланған күні:

бұқа ұрлығы
Бұқа ұрлығы. Фото: polisia.kz

Түркістан облысында туысының бұқаларын ұрлаған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ IIM-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

Сайрамдық полицейлер мал ұрлығына қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған 59 жастағы ер адамды анықтады.

"Үш бас бұқасын ұрлаған адам жәбірленушінің туысы болып шықты. Ер адам материалдық пайда табу мақсатында туысының малы қайда болатынын жақсы білген соң тұрғын үйінен алыс орналасқан қорадан бұқаларын алып кеткен," - деп жазады ІІМ-нің ақпараттық медиа-порталы.

Полицейлер бір бас бұқаны мал базарға сатып үлгергенін анықтады. Тәртіп сақшылары қолды болған 2 бас бұқасын айғақты зат ретінде тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139721-turkistandyq-turgyn-ush-buqasynan-aiyryldy-kudikti-tuysy-bolyp-shyqty/