Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында полицейлер қоғамдық пайдалану орындарын бүлдіріп, ластағандарды анықтады

Жарияланған күні:

Полиция рейдтері
Полиция рейдтері. Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері ортақ пайдалану орындарын ластаудың 22 мыңнан астам дерегін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпараттық медиа-порталдың хабарлауынша, елімізде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы өткізіліп жатыр.

Осы ретте Түркістан облысы полиция департаментінің құрылымдары абаттандыру қағидалары мен ортақ пайдалану орындарын ластаудың жыл басынан 22 439 дерегі анықтап, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдады.

Оның ішінде ортақ пайдаланатын орындарды ластау бойынша 13 647, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл екпелерді жою және бүлдіргені үшін 5 690, жолдарды, темiржол өткелдерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру бойынша 3 102 факт тіркелді.

Ал биыл шілдеде 2672 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, шара қолданылды. "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы жылдың соңына дейін жалғасын табады және бұл жұмыстар күнделікті облыс әкімі мен полиция департаменті бастығының назарында.

Полиция тұрғындарға экологиялық мәдениетті қалыптастырып, жауапкершілікті арттыру керектігін ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139729-turkistan-oblysynda-politseiler-qogamdyq-paidalanu-oryndaryn-buldirip-lastagandardy-anyqtady/