Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жілік ұстату": 50-ден аса этнос өкілі тұратын Түркістан облысында ерекше рәсім өтті

Жарияланған күні:

Жілік ұстату рәсімі
Жілік ұстату рәсімі. Фото: gov.kz

Жібек жолы ауылында қазақтың көнеден келе жатқан дәстүрін жаңғыртып, жілік ұстату рәсімі өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, Сарыағаш ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясы жоспары аясында "Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені" атты кездесу ұйымдастырылды. Шарада облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сөз сөйлеп, азат елдің егемендік жылдары жарқын жетістіктерді бағындырғанын, барлық игілік пен жетістік бірлік, этносаралық татулық ұғымдарымен тығыз байланысты екенін атап өткен.

Сондай-ақ ауыл тұрғындарының бастамасымен бірлікте, ынтымақта болайық, деген мақсатпен "Жілік ұстату" рәсімі өтті. Бұл рәсім түркі тілдес халықтар арасында бауыр, дос болайық, арамызды ешқандай ала жіп үзбесін деген мағынада жасалынады.

Шара барысында Жібек жолы ауылындағы қазақ, әзербайжан, өзбек өкілдері жілік ұстасып, дос-бауыр болып, ауыл жастарын татулыққа, ынтымаққа шақырды.

Жалпы 2 миллионнан астам тұрғыны бар Түркістан облысында 50-ден аса этнос өкілдері береке-бірлікте өмір сүруде. Алдағы уақытта да жер-жерде, көршілес ауылдарда достық пен татулықты дәріптейтін іс-шаралар жиі өткізілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139748-zhilik-ustatu-50-den-asa-etnos-okili-turatyn-turkistan-oblysynda-erekshe-rasim-otti/