Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан әлемдегі қауіпсіз елдер тізімінде нешінші орында тұр

Жарияланған күні:

Астана қаласы
Астана қаласы. Көрнекі сурет: LUDOVIC MARIN/AFP via Getty Images

Қауіпсіздік деңгейі бойынша әлемдегі елдердің рейтингі жарияланды. Қазақстан жалпы кестеде 75-орында тұр, деп хабарлайды Numbeo.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Numbeo.com сайты 2024 жылғы бірінші жартыжылдықта қауіпсіздік және қылмыс деңгейі бойынша елдер рейтингін жариялады.

Қылмыс бойынша рейтингте Қазақстан 45,6 индексімен 75-орынға тұрақтады. Былтыр Қазақстан 72-орында болды, ал индекс 46,4 балл болған еді.

Бір қызығы, рейтингте Қырғызстан – 43-орында, Беларусь – 54-орында, Ресей 97-орында, Өзбекстан 120-орында.

Қауіпсіздік индексі бойынша сараланған рейтингте Қазақстан 54,4 ұпаймен 72-орынға тұрақтады. Рейтингке сүйенсек, Ұлыбритания (85-орын), Швеция (87-орын) және АҚШ (88-орын) сияқты елдерге қарағанда Қазақстандағы өмір қауіпсіз деп саналды.

Рейтингке барлығы 146 мемлекет қатысқан. Венесуэла ең қауіпті, ал Андорра ең қауіпсіз деп танылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139751-aqsh-pen-ulybritaniiadan-zhogary-qazaqstan-alemdegi-qauipsiz-elder-tiziminde-neshinshi-orynda/