Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада "Астана" вокзалындағы ақылы тұрақтардың тарифтері өзгереді

Жарияланған күні:

Көлік
Автотұрақтағы көліктер. Көрнекі фото: pixabay.com

Елордада 5 тамыздан бастап "Астана" вокзалындағы ақылы тұрақтардың тарифтері өзгереді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CTS компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

Тасымалдаушы компанияның мәліметінше, 5 тамыздан бастап вокзалдағы ақылы тұрақтың тарифтері өзгертіледі.

"Барлық пайдаланушы үшін ыңғайлы және қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында 2 сағаттан кейінгі 6 сағатқа дейінгі тұрақ үшін әр сағатына қосылатын 1 мың теңге төлем алынады.

Енді сағаттық тариф 200 тг болады, яғни әр қосымша сағат үшін тек 200 теңге қосылады", - делінген хабарламада.

Мәселен, қазіргі тариф бойынша 3 сағаттық тұрақ үшін пайдаланушы 1200 теңге төлеуі керек. Жаңа тариф бойынша 3 сағат үшін 600 теңге алынады.

Одан көптеу уақыт, 6 сағатты салыстырсақ, қазіргі тариф бойынша ол 4 200 теңге, ендігі жаңа бағада – 1 200 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, "Астана" темір жол вокзалындағы ақылы тұрақ тарифі 2017 жылдан өзгерген жоқ. Тарифтік кесте тұрғындардан түскен өтініштердің нәтижесі бойынша және тұрақтарды пайдалану шығындарының қаржылық көрсеткіштері ескерілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139844-elordada-astana-vokzalyndagy-aqyly-turaqtardyng-tarifteri-ozgeredi/