Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да мал жаппай қырылды: мамандар тексеріс жүргізіп жатыр

Жарияланған күні:

Қой отары
Ұсақ мал. Көрнекі фото: pexels.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық департаменті әлеуметтік желілерде малдың жаппай ауруға шалдығуы және қырылуы туралы жарияланымдарға қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

"Желідегі жазба авторы мұның себебін жұқпалы аурудың өршуі деп болжайды. Сондай-ақ оның айтуынша, жергілікті халық ұзаққа созылған жаңбырдан ұсақ мал әлсіреп кеткенін айтқан.

24 шілдеде таңғы сағат 6:00-ден бастап Казтлов ауылында қатты жаңбыр жауған. Шопан жайылымнан қойларын ауылға айдай алмай, Казталов ауылдық округіндегі Мышым қыстауына тастап кеткен. Нәтижесінде 25 шілдеге қараған түні 38 бас қой-ешкі қырылды", - делінген хабарламада.

Сол күні ветеринарлық қызмет мамандары өлекселерді мал қорымына шығарды. Аса қауіпті ауруларды болдырмау үшін өлген 2 бас қой мен 1 ешкіден патологиялық материалдар іріктеліп алынып, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық ветеринариялық зертханасына жіберілді.

Министрлік мәліметінше, нәтижелері 5 тамызда дайын болады.

Ведомство өкілдері эпизоотиялық жағдай осы аумақтың ветеринариялық қызметінің бақылауында екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139867-bqo-da-mal-zhappai-qyryldy-mamandar-tekseris-zhurgizip-zhatyr/