Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хабар" телеарналары Париж Олимпиадасын көрсетеді

Жарияланған күні:

Фото
Фото: "Хабар" Агенттігі" АҚ

"Хабар" Агенттігі, Qazaqstan РТРК және Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешені Париж қаласында 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы арасында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарын көрсету құқығын иеленді. Париж қаласы жазғы Олимпиада ойындары тарихында мұндай мүмкіндікке осымен үшінші рет ие болып отыр.

Фото
Фото: "Хабар" Агенттігі" АҚ

"Қазақстандық спортсүйер қауым отандық атлеттеріміздің өнерін "Хабар" және "Ел арнадан" тамашалай алады. Аса маңыздысы – медальдардан үміт бар бокс, дзюдо, күрес түрлерінен жарыстарды көрсетеміз. Әр жарыстың толық ақпараты мен көрсетілім уақыты біздің сайтымызда және әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда жарияланған. Бұл ғаламдық спорт додасының ең маңызды сәттерін қалт жібермей, уақытында көруге көмектеседі" – деді "Хабар" Агенттігі" АҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев.

Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында спортшылар шеруі тұңғыш рет стадионда емес, су айдынында өтеді. Қатысушылар қайықтармен Сена өзенімен жүзіп өтеді.

Ашылу салтанаты "Хабар" және El arna телеарналарының тікелей эфирінде Астана уақытымен 22:30-да көрсетіледі. Әлеуметтік желі қолданушылары Агенттіктің Instagram және Tik Tok желілеріндегі парақшаларынан да аталған шараны онлайн көре алады.

Париж төрінде 206 мемлекеттен келген спортшылар 329 медальді сарапқа салып, 32 спорт түрінен сайысқа түседі. Қазақстан құрамасының қоржынында 25 спорт түрінен 92 жолдама бар.

Осы Олимпиада ойындарында алғаш рет брейкинг би дисциплинасы спорттық бағдарламаға қосылды. Онымен қатар Токио-2020 ойындарында енгізілген серфинг, скейтбординг, спорттық құзға өрмелеу салалары жалғасын табады.

Сүйікті спорт ойындарын эфирден жіберіп алмау үшін көрсетілімдердің толық жоспарын әзірлеп, біздің сайтымыз бен әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда орналастырдық.

"Хабар" және "Ел арна" телеарналары эфирінен көрермен арасында жоғары сұранысқа ие бокс, дзюдо сынды өзге де жарыстардан көрсетілімдер беріледі.

Фото
Фото: "Хабар" Агенттігі" АҚ

Спорт сайыстарын көрсетумен қатар Парижге жіберілген Агенттік тілшілері Олимпиаданың кадрдан тыс сәттерін де қамтиды. Олар қызықты фактілер мен ерекше оқиғаға негізделген материалдар әзірлейді. Сондай-ақ Париж Олимпиадасы 24KZ арнасының ерекше назар аударылатын тақырыптарының біріне айналады. Оның аясында жаңалықтарға тікелей қосылымдар да жоспарланып отыр.

Фото
Фото: "Хабар" Агенттігі" АҚ

Спорт сайыстары көрермен үшін қызықты әрі тартымды болуы үшін "Хабар" Агенттігі үздік комментаторлар мен спорт сарапшыларының басын қосып отыр. Олар көрсетілім уақытында өз ақпараттары, пікірлері мен эмоцияларымен бөлісіп отырады. Білікті мамандар көгілдір экранда болып жатқан көріністерді жан-жақты түсіндіріп, спортшылардың өмірбаянынан сыр шертіп, спорт әлемінде қызықты әңгімелерін айтады.

Олимпиада ойындары – спорт пен бірлік мерекесі. Көрсетілімдерді үзбей қарап, үздік спортшыларымыздың жеңістерін бірге тамашалайық!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139906-habar-telearnalary-parizh-olimpiadasyn-korsetedi/