Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлікті тұраққа қою ережесін бұзғандарға қанша теңге айыппұл салынады және жаңа қағида қашан күшіне енеді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Полиция қызметкері мен көлігі
Полиция қызметкері мен көлігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда автокөлігін электромобильдерді қуаттайтын орындарға тұраққа қойғаны үшін көлік иелеріне айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері қанша екенін және жаңа ереже қашан күшіне енетінін KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Биыл шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда электромобильдер инфрақұрылымын дамытуға бағытталған заңдарға қол қойды.

Осылайша, "электромобиль" және "электр зарядтау станциясы" ұғымдары ресми түрде енгізілді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте электромобильдерге қатысты жаңа заңдар енгізілді.

Айта кетейік, қазақстандықтар электр желілеріне өз бетінше қосылғаны үшін де жауапкершілікке тартылады. Жаза формасына қарай 50-АЕК-тен 500 АЕК-ке дейін (2024 жыл бойыншша 184 600 теңгеден 1 846 000 теңгеге дейін) болады және қайталап бұзған жағдайда екі есеге артады.

Жаңа айыппұл кімге арналған?

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстегі жаңа ережелер бойынша көлік иелері автокөлікті қуаттамаса, көлігін электромобильді зарядтауға арналған орындарға қоймауы керек екені ескертілді.

Сонымен қатар енді ӘҚБтК-нің 597-бабының 1-бөлігі "Осы баптың екінші, үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарының аялдауы немесе тоқтап тұруы қағидаларын бұзу – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады"

Бұл ретте айыппұл мөлшері өзгермейді: айыппұл 5 АЕК (2024 жылы 18 460 теңге), ал 12 ай ішінде қайталап ереже бұзған жағдайда сома 10 АЕК-ке (36 920 теңге) дейін өседі.

Жаңа ереже алғашқы ресми жарияланған күннен кейін 60 күн өткен соң, яғни шамамен 2024 жылғы қыркүйектің екінші жартысында күшіне енеді.

Көлік иелеріне арналған басқа да жаңа ережелер

Сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 741-бабына толықтырулар енгізілді, оған сәйкес еуропалық хаттама толтырылған кейін әкімшілікқұқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді бастауға болмайды, ал басталған іс тоқтатылуға тиіс.

Сондай-ақ Қазақстанда жүргізуші куәлігі мен нөмір алуға жаңа бағалар белгіленді.

Бұған дейін сарапшылар 2023 жылдың соңына қарай елдің автомобиль парктері 20 пайызға өскенін хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139969-qazaqstanda-turaq-erezhesin-buzgandarga-qansha-tengge-aiyppul-salynady-zhane-zhanga-erezhe-qashan-kushine-enedi/