Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында өнеркәсіптік кәсіпорын қызметкерлері ұрлықпен айналысқан деп күдікке ілінді

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: ІІМ

Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қарағанды облысы прокуратурасының үйлестіруімен өнеркәсіптік компаниялардан, оның ішінде "Қазақмыстан" металл және тауар ұрлаумен айналысқан деп күдікке ілінген қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Ведомство мәліметінше, жергілікті криминалитеттен басқа қылмыстық әрекетке кәсіпорын қызметкерлері, оның ішінде қауіпсіздік қызметінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысы бар деген күдік туған.

ІІМ мәліметінше, қылмыстық іс-әрекет салдарынан келтірілген залал анықталып жатыр.

"Қарағанды облысының полиция департаментіне 20-дан астам күдікті жеткізілді. Тінту іс-шаралары барысында олардан атыс және травматикалық қару, автокөлік, қаражат және қылмыстық іс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

ІІМ қала құраушы кәсіпорындарда әрекет ететін қылмыстық топтарды анықтау және жолын кесу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізетінін мәлім етті.

Айта кетейік, Ақмола облысында Qаrmet кәсіпорнынан жанар-жағармай ұрлаған қылмыстық топ ұсталғаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2140020-qaragandy-oblysynyng-onerkasiptik-kasiporyndarynda-urlyqpen-ainalysqan-qylmystyq-top-ustaldy/