Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қонаев қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Жарияланған күні:

Кенжебеков Төлеген
Кенжебеков Төлеген. Фото: Алматы облысы әкімдігі

Қонаев қаласы әкімінің өкімімен Төлеген Кенжебеков қала әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Кенжебеков Төлеген 1986 жылы туған, білімі – жоғары.

Еңбек жолын І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жастар жөніндегі маманы болып бастаған.

Әр жылдары "Жетісу жастары" жастар орталығының маманы, "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтары республикалық штабы Алматы облысы филиалының басшысы, облыстық ішкі саясат басқармасында, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында, облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде жұмыс жасаған.

2023 жылдың тамыз айынан Алматы облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі лауазымында қызмет атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2140054-qonaev-qalasy-akimining-zhanga-orynbasary-tagaiyndaldy/