Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жыл басынан бері бес бала көпқабатты үйдің терезесінен құлаған

Жарияланған күні:

Терезеге қарап тұрған бала
Терезеге қарап тұрған бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкентте терезеден құлау дерегі тыйылмай тұр. Үшінші мегаполисте жыл басынан бері 5 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап, біреуі мерт болған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ontustiktv.kz телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарна берген хабарламаға сәйкес, қайғылы жағдай қайталанбас үшін төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар арасында түсіндірмелік жұмысын жиілетті. Түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, бүлдіршінді қараусыз қалдырмауды ескертіп жүр.

Балаларды бір сәт те көзден таса қылуға болмайды. Қазіргі таңда еліміз бойынша балалардың терезеден құлап қайтыс болған жайты көп дейді төтеншеліктер.

Қала тұрғыны Таңшолпан Сәрсенова қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде тұрады. 5 баласы бар. Алғаш баласы дүниеге келген күннен бастап пәтерінің терезесіне құнттап, қоршау орнатып қойыпты. Қайғылы жағдайдың алдын алу мақсатында баладан көз жазып қалмау керектігін айтады. 

Телеарна мәләметінше, терезеден құлау бойынша Шымкентте ғана емес, елдегі көрсеткіш көңіл көншітпей тұр. Себебі жыл басынан көпқабатты үй терезесінен 123 бала құлап кеткен. Оның 13-і бақилық болды.

Ал Шымкент қаласы бойынша жалпы 5 жағдай тіркелген. Оның бір жағдайы қайғылы аяқталып, бір бала қайтыс болған.

Қазіргі таңда департаменттен қарқынды түрде министрліктің тапсырмасына сәйкес балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша профилактикалық түсіндірмелік үгіт-насихат жұмысы жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2140075-shymkentte-zhyl-basynan-beri-bes-bala-kopqabatty-uiding-terezesinen-qulagan/