Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дархан Сатыбалды "Қытай азаматтары жерді жарамсыз етті" деген отырарлық тұрғынға жауап берді

Жарияланған күні:

әкім
Дархан Сатыбалды. Видеодан кадр: facebook.com/Түркістан облысы әкімдігі

25 шілдеде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында жергілікті тұрғындар толғандырып жүрген біраз мәселені ортаға салды. Оның ішінде Отырар ауданына егін еккен Қытай азаматтары жөнінде сөз болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Түркістан облысы әкімінің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

25 шілдеде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданының тұрғындарымен кездесті. Халықтың көкейіндегі "Қытайға жер беріледі" деген мәселе бұл жиында да сөз болды.

Аудан тұрғыны облысы әкіміне сұрақ қойып, жерді ластау мәселесін көтерді.

"Қытай азаматтары келіп, Отырарда егін егіп жатқанына дәлелдеріміз бар. Біз ешкімге жалға беріп жатыр деп айтып жатқан жоқпыз. Бірақ келіп егін егіп, жерді жарамсыз етіп кеткеніне біздің дәлеліміз де бар. Олар, мысалы, Байырқұмда, Аққалада екті. Қазір Мирныйға егіп жатыр. Жердің сынамасын алып, Алматы қаласына барып зерттеуден өткіздік. Бұл жерді қайта пайдалануға жарамсыз етіп тастағанына біздің дәлеліміз бар. Отырар ауданы киелі жер ғой, бүкіл әлем мойындайды, небір ғұламаларымыз шыққан осы жерден.

Менің ол жерде бір гектар да жерім жоқ, бірақ, құдай қаласа, осы жерде өсіп-өнемін деп отырған азаматпын. Ал ертең жерді ластағаны бір бөлек, шаң-тозаңы ұшып, бала-шағамды мүгедек қылмасына кім кепіл? Еккен жерлеріне дәлелдер керек десеңіз, әкелеміз", - деді жергілікті тұрғын.

Бұған жауап ретінде облыс әкімі бірінші кезекте тыңайтқыш экологиялық талапқа сай болуы керек деп талап қоятынын айтты.

"Біріншіден, тыңайту зауытын ашады. Ол зауыт біздің шикізатпен ғана жұмыс істейді. Ол сертификаттаудан өтеді, зертханадан өтеді. Сол тыңайтқышты ғана қолданады. Ешқандай өздері әкеп жасамайды. Ол келісімшартта да көрсетілген. Одан артық ештеңе қолданылмайды", - деді облыс әкімі.

Аудан тұрғыны облыс әкімінің жауабына қанағаттанбай, тыңайтқыштың шыққан жеріне қатысты күмәні барын айтты.

"Енді осы сөзіңізге дәлел айтайын. Олардың қолданып отырғаны Қазақстанның өнімі емес. Біз видеоға да түсіріп алдық, аудиосы да бар. Бұл арада Қытай азаматының еңбек етіп жатқаны дәлел. Ол жерде қытайдың тыңайтқышы ма, қандай химикат екенін бір Алла біледі. Одан кейін, Сырдариядан суды алып, қайтадан лас, сары суды құйып жатқанына да дәлеліміз бар. Мұның алдында СПК шетелдің заттарын рұқсатсыз әкеп қоспаймыз деп уәде берген. Енді қалай олар оны рұқсатсыз пайдаланып отыр? Сізге өтініш, біздің ауданымыз жақсы адамдардың қолына тисе екен", - деді тұрғын.

Өңір басшысы бұл сұраққа толық жауап берді.

"Мен сіздердің алдарыңызда да, Алланың алдын да жауап беремін. Мен дәл сізді сол жерге апарып көрсетейін. Ол Қытайдың технологиясы емес, олар Америкадан алған технологияны енгізіп отыр. Ол Қытай азаматы болған соң ғана сіздер солай айтып отырсыздар. Сосын ол жерде бізде инженер-технологтер жоқ. Біз соларды шақырамыз, үйренуіміз керек", - деді Дархан Сатыбалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2140090-darhan-satybaldy-qytai-azamattary-zherdi-zharamsyz-etti-degen-otyrarlyq-turgynga-zhauap-berdi/