Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК өкілдері Қазақстан – Ресей шекарасындағы жағдайға байланысты ескерту жасады

Жарияланған күні:

Шекара
Шекара. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан – Ресей шекарасындағы "Сырым" өткізу бекетінде көлік қозғалысы шектелуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"ҰҚК Шекара қызметі 29 шілде мен 3 тамыз аралығында Қазақстан – Ресей шекарасындағы "Сырым" өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлайды.

Көрсетілген кезеңде шектес аумақтағы "Маштаково" БӨП-інің инспекциялық-тексеру аймағында жол төсемін жөндеу жоспарланған", - делінген ресми хабарламада.

Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ.

Ведомств осы мән-жайларды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі туындағанын жазған едік. ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері "Жібек жолы" өткізу бекетіндегі кептеліске іргелес аумақтағы "Гишт Куприк" БӨП-те құрылыс жұмыстары мен жол төсемінің кеңейтілуі себеп болғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2140104-uqk-okilderi-qazaqstan-resei-shekarasyndagy-otkizu-beketterining-birinde-kolik-qozgalysy-shekteleui-mumkin-ekenin-eskertti/