Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"50-ге жуық трактор мен комбайн": Түркістан облысында шаруалардың техникасы жаңарды

Жарияланған күні:

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңа техниканың кілтін табыстауда. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан өңірінде шаруаларға 50-ге жуық техника табысталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан облысының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына іссапары аясында Ақбұлақ ауылында орналасқан техника зауытында болып, шаруалармен кездесті. Бүгінде облыста "Ауыл аманаты" жобасы аясында "Trade in" бағдарламасы қолданылып, шаруаларға ауыл шаруашылығы техникалары ұсынылуда.

Облыс әкімі шаруаларға тракторлар мен комбайндар кілтін табыстады. Жалпы бүгін 48 шаруа жаңа техникаға ие болды.

"Түркістан облысысында ауыл шаруашылығы саласына "Ауыл аманаты" жобасымен нақты қолдау көрсетіліп жатыр. "Trade in" бағдарламасы да тиімді жүзеге асуда. Осы қолдаулар арқылы ауыл шаруашылығы техникалары жаңаруда. Бүгін облысымыздың шаруаларымен қуанышты сәтте кездесіп тұрмыз. Жаңа техникаларрыңыз құтты болсын! Біз әрдайым өңір экономикасын дамытуға сеп беретін жобаларды қолдауға дайынбыз", – деді Дархан Сатыбалды.

Техникаға ие болған шаруалар мемлекеттік қолдауға ризашылықтарын білдіріп, басшыларға алғыстарын айтты.

Түркістан облысында "Trade in" бағдарламасы жүзеге асуда. Бұл ретте зауыт нақты іске кірісіп кетті. Бағдарлама арқылы шаруалардың істен шыққан ескі техникалары нарықтық бағамен бағаланып, қабылданады. Бұл – шаруаларға жаңа трактор алуға үлкен мүмкіндік.

Өңірде ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстары жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2140125-50-ge-zhuyq-traktor-men-kombain-turkistan-oblysynda-sharualardyng-tehnikasy-zhangardy/