Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында соңғы алты айда 200 келіден астам есірткі тәркіленген

Жарияланған күні:

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Бурханов Амангелді. Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысында есірткінің заңсыз айналымы мен нашақорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар қарқынды жүріп жатыр. Соның арқасында полиция өңірде 200 келіден астам есірткі тәркілеп, 91 сайтты бұғаттады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, 2024 жылдың 6 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 423 дерек тіркелген. Оның ішінде 201-і қылмыс, 222-сі теріс қылық. Заңсыз айналымнан 200 келіден астам есірткі заттары тәркіленді.

Сондай-ақ синтетикалық есірткімен байланысты 24 дерек анықталып, заңсыз айналымнан 1 келіден астам синтетикалық есірткі заттары алынды.

Сонымен қатар мониторинг жұмыстарының нәтижесінде, синтетикалық есірткі таратуы мүмкін 91 ақпараттық сайт бұғатталды. Есірткіні қоғамдық орында қолданудың 2 дерегі анықталды. Ал автокөлік құралын есірткілік масаң күйде басқарудың 24 дерегі тіркелді.

Қазіргі таңда облыс бойынша 295 тұлға нашақор есебіне алынған.

Олармен профилактикалық іс-шаралардың рөлін көтеру мен әкімшілік заңнаманы күшейту мақсатында, ІІМ-нің операциялық жоспары жүргізілуде.

Жыл басынан бері мектеп оқушылары мен студент жастар арасында 262 есірткіге қарсы профилактикалық іс-шара өткізіліп, оған жалпы 44 мыңнан астам тұрғын қатысты.

Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар арасында қоғамдық орындарда есірткі тұтыну фактілері тіркелмеген.

Сондай-ақ 2024 жылдың 26 мамыр – 26 маусым аралығында бір ай бойы "26 маусым - Халықаралық есірткіге қарсы күрес күні" іс-шарасы облыс әкімдігі, оған қарасты басқармалары мен Түркістан облысы ПД ЕҚҚІҚБ-мен бірлесіп өткізілген.

Іс-шараға танымал спортшылар, әншілер, қоғам қайраткерлері, халық қалаулылары қатысып, жастарға есірткі мен нашақорлықтан аулақ болу және салауатты өмір салтын ұстау туралы үндеу жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2140212-turkistan-oblysynda-songgy-alty-aida-200-keliden-astam-esirtki-tarkilengen/