Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысының әкімі газы жоқ ауылға көгілдір отын қашан жететінін айтты

Жарияланған күні:

Газ құбыры
Газ құбыры. Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездесуінде Көктөбе ауылына газ тарту мәселесі көтерілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ордабасылықтардың бірі Көктебе ауылының газ мәселесін көтерді. Өңір басшысы қаржы қарастырылғанын айтып, газ қосу жұмыстары биыл-ақ қолға алынғанын жеткізді.

"Газ мәселесі... (газ - ред.ескертпесі) қашан барады? Сметалық құжаттары толық дайындалды ма?" - деп сұрақ қойды Түркістан облысының тұрғыны.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, елді мекендердің сметалық құжаттары толығымен дайындалып бітті.

"Ендігі кезекте, соған жеткізетін құбырдың жобасы әзірленіп жатыр. Ол бөлек әзірленеді. Ал кейбір жерлерде, елді мекендерде газ кіргізіп аламыз да, ал бірақ оған жеткізетін құбыры жоқ. Сосын оның жобасы да болмай қалған. Әзірге сондай кемшіліктерді туралап отырмыз. Сіздерде де сондай болмас үшін құбырмен бірге тапсырамыз. Бірге қаржыландырамыз. Екеуі бірге бітуі керек, сонда ғана дұрыс іс болады", - деп жауап берді Дархан Сатыбалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2140329-turkistan-oblysynyng-akimi-gazy-zhoq-auylga-kogildir-otyn-qashan-zhetetinin-aitty/