Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылдық ер адам полиция көлігін қиратқаны үшін жазаға тартылды

Жарияланған күні:

Полиция көлігі
Полиция көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысының тұрғыны билік өкіліне тіл тигізгені үшін жазаланды. Сонымен қатар ол полиция көлігіне зақым келтірген, деп хабарлайды облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Соттың Facebook-тегі ресми аккаунтында хабарланғандай, Жамбыл аудандық сотында билік өкiлiн қорлағаны үшін сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

"2024 жылдың наурыз айында азамат Б. қоғамдық жерде алкогольдік масаң күйде болып, учаскелік полиция инспекторы Д.-ның талаптарын орындамай, билік өкілін қорлап, қорқыту сөздерін айтқан.

Сонымен қатар азамат Б. қызметтік автокөлікте отырған кезде, артқы көрініс айнасын, алдыңғы әйнегін және күн сәулесінен қорғайтын құралын аяғымен теуіп сындырған", - делінген хабарда.

Жәбірленуші осы оқиға бойынша сотталушыға қатысты әкімшілік жауапқа тартылғанын көрсетіп, сотталушыға жеңіл жаза тағайындауды сұраған.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдіріп, ауыр материалдық жағдайын айтып, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушының кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдермен, тараптардың айғақтарымен және іс бойынша жүргізілген сараптамамен дәлелденді.

"Қылмыстық кодекстің 378-бабы. 1-бөлімі санкциясымен 80 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жаза қарастырылған", - делінген Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сот, жаза тағайындау кезінде, қылмыстық жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде жасаған қылмыстық теріс қылығын мойындап, шын ниетімен өкiніш білдіруін жатқызды. Ауырлататын мән-жайлар ретінде қылмыстық теріс қылықты алкогольдік масаң күйде жасағанын жатқызды.

Соттың үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 60 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2140383-zhambyldyq-er-adam-politsiia-koligin-qiratqany-ushin-zhazaga-tartyldy/