Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларды лифтіде ұрып-соққан": Алматыда ер адамға қатысты үкім шықты

Жарияланған күні:

Шабуыл
Шабуыл. Видеодан кадр: instagram.com/nemolchikz_official

Балаларға шабуыл жасаған Алматы тұрғыны ұсталды - ер адамның әрекеті камераға түсіп қалған. Полицейлер оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram-дағы nemolchikz_official қоғамдық парақшасында жарияланған. Онда лифт кабинасының бұрышында тұрған балаларды қайта-қайта тепкілеген ер адамды түсіп қалған.

Автор оқиғаның Алматыда 23 шілде күні түстен кейін болғанын атап өтті.

"Видеоны қараңыздар. Ол ешкім көріп қоймас үшін жан-жағына қарағыштап, 10 жасар балаларды қалай "батылдана" тепкілеп, ұрып жатыр", - деп жазады автор.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне бұл факт бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

"Ер адам анықталып, оның әрекетіне құқықтық баға беріліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, 15 сәуірде мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарын қорғауға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойған болатын.

Қол қойылған заңдар әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі үшін жауапкершілікті күшейтетін нормаларды енгізеді, сондай-ақ отбасы институтын және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтуға арналған.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қасақана ауырлығы орташа және денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін жауапкершілік күшейтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2140396-balalardy-liftide-uryp-soqqan-almatyda-er-adamga-qatysty-ukim-shyqty/