Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында жол апатынан майысып қалған көліктен әйел адам құтқарылды

Жарияланған күні:

Жол апаты
Жол апаты. Фото: ҚР ТЖМ

Ақмола облысының Зеренді ауданында жүргізуші зардап шеккен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды ТЖМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Апат салдарынан әйел жүргізуші апаттан майысып қалған көлікке кептеліп қалып, оған құтқарушылардың көмегі қажет болды.

"Апат орнына шақырылған құтқарушылар дереу апатқа түскен көліктен зардап шегушіні шығарып алуға кірісті. Жүргізілген апаттық-құтқару жұмыстарының нәтижесінде әйел көліктен аман шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

"Электрондық үкіметтің" ресми сайтында ЖКО-ға түскен жағдайда не істеу қажет екендігі айтылған:

  • зардап шеккендердің бар-жоқтығын тексеру, егер бар болатын болса жедел жәрдем шақыру; "апаттық сигналды" қосу және апаттық аялдау белгісін орнату;
  • егер оқиға куәгерлері болса, олардың байланыс деректерін жазып алу керек. Бұл ерекше жағдайларда пайдалы болуы мүмкін;
  • әкімшілік полиция қызметкерлері (егер зардап шеккендер болмаса – 102/ бар болса – 112 (қоңырау шалу тегін) мен сақтандыру агенттерін шақыру (тел.: сақтандыру куәлігінен қараңыз).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2140419-aqmola-oblysynda-zhol-apatynan-maiysyp-qalgan-kolikten-aiel-adam-qutqaryldy/