Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"40 градус ыстық": Қазақстанның бірқатар аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Күн
Аптап. Көрнекі фото: Рixabay.com

Қазақстандық синоптиктер ауа райының нашарлайтынын айтып, ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

27 шілдеде күндіз Жетісу облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады.

27-28 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 27-28 шілдеде облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі.

27 шілдеде Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

27 шілдеде Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 27 шілдеде кей уақыттарда найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 41 градус қатты ыстық сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

27 шілдеде Қызылорда облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 27 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

Ертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.

27 шілдеде Атырау облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады

Алматы облысының солтүстігінде, күндіз облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады.

Алматы қаласында 27 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

27 шілдеде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2140428-40-gradus-ystyq-qazaqstannyng-birqatar-aimaqtarynda-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/