Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылдық полицейлер пайдакүнемдік-зорлық сипаттағы қылмыс жасады деген күдіктіге іздеу жариялады

Жарияланған күні:

Полиция қызметкері
Көрнекі фото: Алматы қалалық полиция департаменті

Жамбыл облысының полиция департаменті Тараз қаласының аумағында пайдакүнемдік-зорлық сипаттағы қылмыс жасаған деген күдіктіге іздеу салды. Бұл туралы ведомство Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Жамбыл облысының ПД Тараз аумағында пайдакүнемдік-зорлық сипаттағы қылмыс жасағаны үшін 03.11.1995 жылы туған Қанат Доғдырханұлы Бекенге іздеу салады.

"Белгілері: бойы – 168 см, дене бітімі – арық, қара шашты, беті сопақша, құлағы үлкен, орташа мұрынды, сол жаққа қисайған, ерні үлкенірек. Күдікті Nike жазуы бар қара қалпақ, көк түсті жейде және спорттық қара түсті шалбар киген", - делінген хабарда.

Полицейлер іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы ақпарат білетін азаматтарды мына нөмірлерге хабарласуын сұрады: 8(7262) 99-70-10, 99-77-05, 8700-200-07-00, 8775-511-17-77, 8771-231-70-00, 8700-958-61-31

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2140473-zhambyldyq-politseiler-paidakunemdik-zorlyq-sipattagy-qylmys-zhasady-degen-kudiktige-izdeu-zhariialady/