Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәсіпкерлерден ақша бопсалаған: Алматы облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды (видео)

Жарияланған күні:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысының полициясы кәсіпкерлерді бопсалаған деген күдіктілерді қолға түсірді. Бұл туралы өңірдің бас полицейі Бауыржан Аленов Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Аленовтің жазуынша, 27 мамырда Алматы облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Алматы қаласы мен өңірдің сауда базарларында "қорғауға" аламыз деп кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты бопсалайтын қылмыстық топ туралы ақпарат келіп түскен.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында "маргиналды жастардың" қолынан зардап шеккен Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны анықталды. Жәбірленуші 13 мамырда Қарасай ауданында белгісіз адамдар күш қолданып, одан 3,5 миллион теңгені иемденгенін хабарлады.

25 шілдеде ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері Алматы облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп прокуратураның үйлестіруімен 31-36 жас аралығындағы ер адамдарды анықтап ұстады", - деп жазды Аленов.

Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2140551-kasipkerlerden-aqsha-bopsalagan-almaty-oblysynda-uiymdasqan-qylmystyq-top-musheleri-ustaldy-video/