Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға eGov.kz уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін екені ескертілді

Жарияланған күні:

e.Gov платформасы
e.Gov платформасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандықтар бүгін түнде "ҰАТ" АҚ қарасты сайттарға уақытша кіре алмауы мүмкін. Бұл туралы eGov.kz Telegram-дағы арнасында хабарлады.

"Құрметті пайдаланушылар! Біз өз қызметтеріміз бен жобаларымызды үнемі жетілдіріп отырамыз. Тұрақты жаңартулар қызметтер мен жобаларды сізге ыңғайлы етуге көмектеседі.

Осыған байланысты, 2024 жылғы 27 шілде сағат 21:00-ден 2024 жылғы 28 шілде сағат 07:00-ге дейін "ҰАТ" АҚ сүйемелдейтін жобалар уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін", - делінген хабарда.

Айта кетсек, АҚ сайтындағы мәліметке сүйенсек, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы – Қазақстанның ақпараттық технологиялар нарығындағы ірі компания.

"ҰАТ" АҚ төмендегі оператор функцияларын орындайды:

  1. өзіне бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы;
  2. қауіпсіздікті және электрондық паспорттар жүйесінің қатысушыларымен және билік органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, электрондық паспорттар жүйесінің әкімшісімен жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің паспорттары) мен өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінің ұлттық операторы (Ұлттық әкімшісі);
  3. ұлттық жасанды интеллект платформасының операторы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2140641-qazaqstandyqtarga-egov-kz-uaqytsha-qolzhetimsiz-boluy-mumkin-ekeni-eskertildi/