Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте индустриялық аймақтағы өрттен қанша адам зардап шеккені белгілі болды

Жарияланған күні:

Құтқарушылар оқиға орнында
Құтқарушылар оқиға орнында. Фото: instagram.com/ shymkent_tjd

Шымкентте индустриялық аймақтағы өрттен қанша адам зардап шеккені белгілі болды. Қалалық ТЖД төтенше жағдайдың мән-жайын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомство "Ордабасы" индустриялық аймағында "KMG Supple Company" ЖШС аумағындағы ашық жерде техникалық газ қабыршақты күкірт жанғанын мәлімдеді. Жалпы өрт алаңы 1200 шаршы метрді құраған және оқиға орнында "Daewoo Jentra" маркалы жеңіл автокөлігі өртенген.

"Өрт орнынан күйік және улану белгілері бар 10 адам (1 күйік, 9 улану) медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде дәрігерлер тексергеннен кейін 2 адам ауруханаға жатқызылды, қалған 8 адам жағдайы қалыпты болуына байланысты үйіне қайтарылды", - деді Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыған дейін Шымкенттегі "Ордабасы" индустриялық аймағының аумағында күкірт жанғанын жазған едік.

"ТЖМ күштерімен сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Жедел штаб ұйымдастырылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрт сөндіруге ЖАО, СЭС және ӨҚКД өкілдері жұмылдырылды ", - деп хабарлаған ТЖМ баспасөз қызметі.

Көп ұзамай қалалық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, майор Нұржан Қаракозев сағат 16:45-те Шаңырақ елді мекенінен тұрғындар эвакуациялана бастағанын айтты.

Өрт бүгін таңертең толығымен сөндірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2140839-shymkentte-industriialyq-aimaqtagy-ortten-qansha-adam-zardap-shekkeni-belgili-boldy/