Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәулет Мұқаевтың анасы қайтыс болды

Жарияланған күні:

Дәулет Мұқаев
Дәулет Мұқаев. Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаевтың анасы қайтыс болды. Қаралы хабарды айтыскер Айшолпан Тілеутай Instagram желісіндегі парақшасында жеткізді.

Айтыскер ақын Дәулет Мұқаев пен оның жақындарына көңіл айтты.

"Еркек өмірінде бір-ақ рет жылайды деуші еді... Ол жылаудың өзі анасы қайтқанда болса керек. Сіздің басыңыздан дәл осы сәт өтіп тұр. Қабырғаңыз қайысып, жүрегіңіз суырылып тұрған шығар ағатай.

Ақ сүтін берген, ақ бесікте тербеткен, адалдықты үйреткен ағамның анасы өмірден өтіпті. Иманы жолдас болып, Алла рахымына бөлесін!", - деп жазды Айшолпан Тілеутай.

KAZ.NUR.KZ редакциясы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2140879-daulet-muqaevtyng-anasy-qaitys-boldy/