Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұрып-соғып ақша талап еткен": Ақтөбе облысында тұрғыннан жарты млн теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды (видео)

Жарияланған күні:

Күдіктерлерден заттар тәркіленген сәт
Күдіктерлерден заттар тәркіленген сәт. Видеодан кадр: polisia.kz

Ақтөбе облысында тұрғынды ұрып-соғып, арнайы киімдерді алып кетіп, одан жарты млн теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

ІІМ мәліметінше, полицияға Ақтөбе тұрғыны бопсалау дерегі бойынша арызданған. Тергеп-тексеру барысында аудандардың бірінде жәбірленушінің көлігі бұзылған кезде оған белгісіз адамдар келіп қорқытып, ұрып-соғу арқылы ақша талап еткені анықталған.

"Күдіктілер автокөліктен арнайы киімнің 13 жиынтығын алып кетіп, оларды қайтару үшін 500 мың теңге талап еткен.

Арнайы бөлімше жауынгерлерінің қатысуымен жедел іс-шараларды өткізу барысында Ақтөбе облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Хромтау қаласының бес тұрғынын анықтап, ұстады. Заттай айғақтар тәркіленді", - делінген хабарламада.

Ведомство ақпараты ббойынша, бопсалау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141239-uryp-sogyp-aqsha-talap-etken-aqtobe-oblysynda-turgynnan-zharty-mln-tengge-bopsalagan-kudiktiler-ustaldy-video/