Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Капустин Яр полигонының жері Батыс Қазақстан облысына уақытша пайдалануға беріледі

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ракета ұшыру сәтінен
Ракета ұшыру сәтінен. Фото: gov.kz

Батыс Қазақстан облысында "Капустин Яр" зымыран полигоны аумағындағы егістіктер уақытша шөп шабуға пайдаланылады. Бөкей ордасы ауданында биыл шөп шабу өнімділігі төмен, деп хабарлайды "Мой город" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумов брифингте ауданда ауыл шаруашылығы саласында мәселелер бар екенін жеткізді. Оның айтуынша, оның бірі киік мәселесі болса, екіншісі – биыл шөп шабу өнімділігінің төмендігі.

"Жергілікті тұрғындар мен шаруа қожалықтарына көмек ретінде Капустин Яр полигонының жерлері шөп шабу кезінде уақытша пайдалануға беріледі. Халықаралық келісімге сәйкес, шөп шабу мен мал жайылымы үшін пайдалануға рұқсат етілген. Қазіргі уақытта үкіметтен субсидия алу үшін құрғақшылық пен ақбөкеннің шабуылынан зардап шеккендер тізімі жасалып жатыр", - деді ол.

Аудан басшысының айтуынша, қысқы маусымға 188 мың тонна жем жиналуы қажет. Шөп жинаумен 193 шаруа қожалығы айналысып жатыр. Аудан бойынша жоспардың 21 пайызы орындалды.

"Жыл сайын жауын-шашын азайып, қуаңшылық болып, жайылымдық жерлердің деградациясы мал азығын дайындауға кедергі келтіретіні жасырын емес. Биыл бір шаруа қожалығы 660 гектар алқапқа судан шөбі және жоңышқа еккен, қазір егінді жинап жатыр", - деді Нұрлыбек Даумов.

Жыл басынан бері облыстағы шаруа қожалықтарына 287 миллион теңге субсидия төленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141266-kapustin-iar-poligonynyng-zheri-batys-qazaqstan-oblysyna-uaqytsha-paidalanuga-beriledi/