Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сарыағаш" шипажайы жекеменшікке беріле ме: үкімет басшысы жауап берді

Жарияланған күні:

Сарыағаш
Сарыағаш. Көрнекі фото: saryagashcenter.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов "Сарыағаш" емдеу-оңалту кешені" шипажайын жекешелендірудің кешенді жоспарынан алып тастау туралы депутаттық сауалға жауап берді. Бұл туралы Kazinform.kz хабарлайды.

Олжас Бектенов жауапта депутаттық сауалға берген жауабында үкіметтің алдында жекешелендіру процесін аяқтап, бәсекелес салалардағы мемлекеттік кәсіпорындар санының қайтадан өсуіне кедергі болатын нормативтік шарттарды жолға қою міндеті тұрғанын еске салады. 

"Бүгінгі таңда осы мақсатта Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанынан (тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып) жекешелендіру жөніндегі ұлттық офис құрылды. Сондай-ақ жекешелендірудің 2021 — 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына қосу және одан алып тастау туралы әдістеме (2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 1177 қаулымен) бекітілді. Тиісінше, заңнама талаптарына сәйкес шипажайды кешенді жоспардан алып тастау мәселесі бойынша әдістемеде көзделген реттілік сақталуға тиіс.

Әдістемеге сәйкес, бастамашы тиісті саланың уәкілетті органынан және монополияға қарсы органнан қорытынды алуға тиіс. Өз кезегінде, агенттік шипажайды жекешелендірудің кешенді жоспарынан алып тастау мәселесі ұлттық офис жұмысы шеңберінде қарастырылатынын хабарлайды. Осыған байланысты шипажайға қатысты атқарылған жұмыстар туралы ақпарат қосымша енгізіледі", - деп жауап берді үкімет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141293-saryagash-shipazhaiy-zhekemenshikke-berile-me-ukimet-basshysy-zhauap-berdi/