Елімізде салынып жатқан тұрғын үйді онлайн сатып алу мүмкіндігі пайда болды
Жарияланған күні:
Қазақстанда үлестік құрылыс келісімшарттарын онлайн ресімдеу мүмкін болады. Бұл жайлылықты арттырып қана қоймай, азаматтарды қорғауды күшейтеді. Мұның мән-жайын KAZ.NUR.KZ тілшілері анықтады.
Салынып жатқан үйді сатып алу әдетте төмен бағаға байланысты жақсы инвестиция болып саналады. Дегенмен мұндай транзакциялардың өз қиындықтары бар. Барлық құрылыс компаниялардың акционерлерден ақша тартуға құқықтары бола бермейді. Егер де компанияның расымен инвестиция тартуға құқығы болмаса, адамдардың ақшасы күйіп кетуі мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда үлескерлердің қаражатын тартуға лицензиясы жоқ жүздеген үйлер салынуда. Мұндай нысандардың бірін таңдау – азаматтар үшін өте қауіпті.
Сондай-ақ бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің басшысы Бақытжан Жүнісбеков қазақстандықтар мемлекеттік қордан баспана алу кезегінен не себепті шығарылып жатқанын түсіндіргені туралы жазған едік.
Бақытжан Жүнісбеков бүгінде Қазақстанда баспана кезегінде 650 мың адам тұрғанын, оның 440 мыңға жуығы халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жататынын айтты. Жыл басынан бері 40 мыңға жуық адамды кезектен шығарылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141316-elimizde-salynyp-zhatqan-turgyn-uidi-onlain-satyp-alu-mumkindigi-paida-boldy/