Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семей әкімі өз суреті бар қоңырауларға жауап бермеуді өтінді

Жарияланған күні:

Ұялы телефон ұстап тұрған адам.
Ұялы телефон ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов танымал мессенджерде алаяқтар оның атынан хабарламалар жіберіп жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қала әкімі Instagram желісіндегі парақшасында хабарлағандай, қазір интернет-алаяқтар WhatsApp мессенджерінде оның атынан түрлі хабарламалар таратып жатыр.

"Менің фотосуретім қойылған жасырын номердегі хабарламаға сеніп ақша аудармауды, қоңырауға жауап бермеуді, күмәнді сілтемелерді ашпауды сұраймын. Барлық хабарламалар өзімнің жеке телефонымнан және ресми аккауынтымнан жіберіледі" - деді Нұрбол Нұрсағатов.

Семей әкімі барлық нақты хабарламаларды жеке телефоны мен ресми аккаунтынан жіберетінін атап өтті.

"Сондықтан телефон номері керсетілмеген немесе таныс емес хабарламаға жауап бермеуді сұраймын" - деп ескертті әкім.

Еске салсақ, Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі алаяқтардың қала әкімі Ерболат Досаевтың атынан хабарламалар жолдап жатқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141334-semei-akimi-oz-sureti-bar-qongyraularga-zhauap-bermeudi-otindi/