Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"СҚ-Фармацияның" басқарма төрағасы ауысты

Жарияланған күні:

"СК-Фармация"
Фото: sk-pharmacy.kz

Еркен Жакатай "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланды.

"Автоматика және басқару жүйесі" мамандығы бойынша Қазақ ұлттық техникалық университетін, "Қаржы және несие" мамандығы бойынша Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

Еркен Жакатай
Еркен Жакатай. Фото: sk-pharmacy.kz

Мемлекеттік және жеке секторда 30 жылдан астам басшылық жұмыс өтілі бар. Атап айтқанда, Мемлекеттік кірістер министрлігінде, Қаржы министрлігінде, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, "Қазына" Тұрақты даму қорының "Даму "Қоры" АҚ-да, ҚР "Ұлттық медициналық холдингі" АҚ-да, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігінде қызмет еткен.

2021 жылдан бастап осы тағайындалғанға дейін жеке секторда жұмыс істеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141443-sq-farmatsiia-basqarma-toragasy-auysty/