Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттен шыққан кино операторы америкалық "Оскар" киноакадемиясының мүшесі атанды

Жарияланған күні:

Оскар жүлдесінің мүсіні
Оскар жүлдесінің мүсіні. Фото: Andrew H. Walker/Getty Images

Қазақстандық кинооператор Еркінбек Птыралиев Instagram-парақшасында Америка кино өнері және ғылым академиясына мүшелікке қабылданғанын жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

34 жастағы кино операторы академияға қабылдануымен құттықтап, академиядан алған хатының скриншотын жариялады. Хабарлама мәтінінде айтылғандай, енді академия мүшесі Птыралиев ұйым жыл сайын табыстайтын"Оскар" сыйлығының лауреаттарына дауыс бере алады.

"Мен қазір Оскар академиясының мүшесі екенімді мақтанышпен жариялаймын!

Бұл Мен үшін үлкен құрмет және кино әлеміне қосқан үлесімді мойындау. Мен әлемнің түкпір-түкпірінен киноиндустрияның ең жақсы өкілдерін біріктіретін осындай беделді ұйымның бір бөлігі болудың керемет мүмкіндігіне ризамын.

Кино өнерінің болашағын қалыптастыратын маңызды шешімдер мен дауыс беруге қатысуды асыға күтемін. Осы жолда маған қолдау көрсетіп, сенгендердің барлығына рахмет", - деп жазды Еркінбек әлеуметтік парақшасында.

Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда, Еркінбек Птыралиев 1989 жылы Шымкентте дүниеге келген. 2011 жылы Ұлттық өнер академиясын бітірген. Жүргеновте "Теледидар және кино операторы" мамандығында оқыған, ал 2013 жылы ҚазҰУИ-де кинематография магистрі дәрежесін алған. Ең танымал кинотуындыларының қатарында "Желтая кошка" және "Бой Атбая" фильмдері бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141454-shymkentten-shyqqan-kino-operatory-amerikalyq-oskar-kinoakademiiasynyng-mushesi-atandy/