Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік өкілдері қазақстандықтардың жеке деректері тарап кетті деген ақпаратқа жауап берді

Жарияланған күні:

Компьютер алдында отырған әйел
Компьютер алдында отырған әйел. Көрнекі фото: Freepik

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қазақстандықтардың жеке деректері тарап кетті деген ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Интернет желісінде қазақстандықтардың жеке деректерінің таралуының ықтималдылығы туралы ақпарат таралуына байланысты бүгінде министрлікке ЗТБ "Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы" (TSARKA) қосқанда арнайы және құқық қорғау органдарынан, жеке немесе заңды тұлғалардан ақпараттандыру және жеке деректерді қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактілері бойынша сенімді материалдармен өтініштер түспегенін хабарлаймыз.

Қажетті материалдар алынғаннан кейін және оларды талдау нәтижесінде тиісті ұйымдарда жеке деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарының сақталуына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі" - делінген хабарда.

Жеке деректері таралғаны анықталған Қазақстан Республикасының барлық азаматына электрондық үкімет порталы арқылы министрлік тарапынан хабарлама жіберіледі.

Цифрлық даму министрлігі азаматтарға шет мемлекеттердің онлайн платформалары мен интернет-ресурстарын пайдалану кезінде киберқауіпсіздік бойынша келесі ұсынымдарды орындауды ұсынады:

  1. Күрделі құпия сөздерді қолданыңыз және әртүрлі аккаунттар үшін бірдей құпия сөзді пайдаланбаңыз. Бұл сіздің жеке ақпаратыңызға рұқсатсыз кірудің алдын алуға көмектеседі.
  2. Құрылғылардағы бағдарламалық жасақтаманы жаңартыңыз, өйткені жаңа нұсқаларда осал тұстарды түзету жиі кездеседі. Бұл сізді хакерлердің ықтимал шабуылдарынан қорғайды.
  3. Күдікті хабарламаларға жауап бермеңіз және бейтаныс хабарлама жіберушілердің сілтемелерін ашпаңыз. Бұл сіздің құрылғыңызға зиянды бағдарламалардың орнатылуына алып келуі мүмкін.
  4. Вирустардан және басқа да қауіптерден қорғау үшін антивирустық бағдарламалық құралды пайдаланыңыз. Бұл сіздің құрылғыңызды зиянды бағдарламалардан қорғауға көмектеседі.
  5. Бейтаныс сайттар мен қолданбаларға жеке ақпаратыңызды ұсынудан сақтаныңыз. Жеке ақпаратыңызды бермес бұрын, сайттар мен қосымшалардың беделін тексеріңіз.
  6. Өз аккаунтарыңызды қорғау үшін екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз. Бұл сіздің аккаунтыңызға біреудің рұқсатсыз кіруінің алдын алуға көмектеседі.
  7. Әлеуметтік желілерде және басқа онлайн қызметтерде құпиялылық параметрлерін тексеріңіз. Бұл сіздің жеке ақпаратыңыздың тек сіз берген адамдарға ғана қолжетімді екендігіне көз жеткізуге көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141467-ministrlik-okilderi-qazaqstandyqtardyng-zheke-derekteri-tarap-ketti-degen-aqparatqa-zhauap-berdi/