Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмірімді атсыз елестете алмаймын": 15 жыл бойы ат баптап жүрген шымкенттік қыз кәсібі туралы айтты (видео)

Жарияланған күні:

Ат құлағында ойнайтын Балнұр Садық
Ат құлағында ойнайтын Балнұр Садық. Фото: otyrar.kz

Шымкенттік ару Балнұр Садық 15 жылдан бері ат баптап келеді, тіпті атқа мініп, түрлі трюк жасайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кішкентайынан жылқы жалына жармасып өскен қыз, қазір оның бабын жасау жолын да меңгерген. Арудың айтуынша, Балнұрның әкесі бұған дейін бәйге атын баптаған. Тіпті анасы да бұл өнерден құралақан емес. Сондықтан ару 15 жылдан аса уақыт сәйгүлік ерттеп мініп, аттан түспейтіін көрінеді.

"Атты ерттеген кезде бірінші жүген салынады. Бұл басқаруға арналған. Кейін ішкі заттары салынады. Содан кейін барып ерді саламыз. Аяғына қорғап тұру үшін арнайы белбеуше саламыз. Сақтықта қорлық жоқ. Жақсы ат аяқтан қалады дейді, сондықтан аттардың аяғының саулығы бірінші орында тұрады", - дейді  Шымкент қаласының тұрғыны Балнұр Садық.

Балнұрдың ат баптауға деген махаббаты атпен секіру спортына алып келген. Бірнеше жыл республикалық байқаулардан бой көрсеткен ол, кейін цирк өнеріне ауысыпты. Қазір арнайы аттармен түрлі трюк көрсетіп жүр.

Мұндай жаттығу түрін Балнұр Садық 3 айдың ішінде үйреніп алдым дейді. Қазір жаңа трюкті үйреніп жүрген ол үйінде тай асырып, баптап жатыр екен.

"Ата-анам жастайынан ат ұстаған кісілер болғандықтан, ол бізге де өтті. Атсыз өмірімді елесетет алмаймын. Қазір аттарды өзім баптаймын. Циркке жеке номер шығару үшін жақында тай алдым. Өте жақсы тай. Ағылшын мен Польша тұқымынан шыққан. Циркте жаттығу жасағанда әуеде жасалатындары да, акробатикалық жаттығулар да қиын. Құлап қалуымыз, әрине, мүмкін, бірақ қызығушылық бәрін жеңеді. Жаттығу кезінде атымызға сеніп шығамыз", - дейді Балнұр Садық.

Бірнеше хоббимен айналысатын ол жақын уақытта жаңа трюктерімен көрерменін қуантуды жоспарлап жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141479-omirimdi-atsyz-elestete-almaimyn-15-zhyl-boiy-tulparlardy-baptap-zhurgen-shymkenttik-qyz-kasibi-turaly-aitty-video/