Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелді ұрды деп айыпталған қоғам белсендісі Арман Шораевтың ісі тоқтатылды

Жарияланған күні:

Арман Шораев
Арман Шораев. Фото: Facebook/Арман Шураев

Астана қалалық полиция департаменті қоғам белсендісі Арман Шораевқа қатысты сотқа дейінгі тергеудің қалай аяқталғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл маусымда қоғам белсендісі Арман Шораев әйелді соққыға жыққан деген күдікке ілінген болатын. "Ұрып-соғу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Алайда бүгін іс тоқтатылғаны белгілі болды. Астана полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабы "Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға" сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласқан болса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылуға жатады, оның ішінде медиация тәртібімен және келтірілген зиянның орнын толтырды.

Тараптар өз құқықтарын пайдаланып, сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы арыз жазды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының тоқтату туралы қаулысын қадағалау органы бекітті", - деп хабарлады полициядан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141517-aieldi-urdy-dep-aiyptalgan-qogam-belsendisi-arman-shoraevtyng-isi-toqtatyldy/