Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ер адам балшықты шұңқырға құлап кеткен (фото)

Жарияланған күні:

Балшыққа құлап кеткен ер адамды құтқару сәті
Алматы облысында балшыққа құлап кеткен ер адам. Фото: instagram.com/koliktegi_pd

Алматы облысының тұрғыны батпақты шұңқырға құлап кетіп, одан өз бетімен шыға алмаған. Оған полицей көмекке келді, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көліктегі полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, оқыс жағдай Алматы облысындағы Қонаев стансасында болған. Ер адам балшыққа құлап кетіп, өздігінен шыға алмаған.

Осы кезде оны Жетісу стансасындағы қызмет көрсету учаскесін патрульдеуге шыққан полиция кіші сержанты байқап қалып, қолдан жасалған құралдармен сыртқа шығуға көмектескен.

"Полицей жәбірленушіге медициналық көмек ұсынған, алайда ер адам одан бас тартты. Кейін полиция қызметкеріне көмектескені үшін алғысын айтып, үйіне қайтты", - делінген ведомство өкілдері таратқан хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141536-almaty-oblysynda-er-adam-balshyq-toly-shungqyrga-qulap-ketken-foto/