Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысының тауларында 25 бала адасып кетті (видео)

Жарияланған күні:

жасөспірім
Жасөспірім. Көрнекі фото: Рixabay.com

Алматы облысында 25 бала мен бір ересек адам тауда адасып қалған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды

Талғар ауданында Таусамалы таулы аймағында құтқарушылар сауықтыру лагерінен 300 м қашықтықта жолдан адасқан бір ересек адам мен 8-15 жас аралығындағы 25 баланы іздестірді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде Республикалық жедел-құтқару жасағы адасқандарды тауып, қауіпсіз жерге жеткізді.

Демалушылар медициналық көмекке мұқтаж емес.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы тауларында жеті жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы хабарлаған едік. Іздестіру операциясы Медеу ауданының Құмбел шыңына жақын жерде жүргізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141605-almaty-oblysynyng-taularynda-25-bala-adasyp-ketti-video/