Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте алаяқтық фактісі жиілеп кеткен

Жарияланған күні:

Ер адамның қолына кісен салуда
Қолы кісендеулі ер адам. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкентте бір жыл ішінде 1305 алаяқтық ісі тіркелді. Бұған аз уақыт ішінде көп ақша табу, жұмыс істегісі келмеу сияқты фактілер себеп болып отыр, деп хабарлайды Otyrar.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Телеарна берген ақпаратқа сәйкес көбіне олар алаяқтықпен байланысты қылмыс жасаған.

"Бұл тез ақша табуға деген ұмтылыс. Олардың жұмыс істегісі келмейді, сөйтіп қулық-сұмдық жасап, адамдарды алдайды. Мысалы, несие немесе үй алуға көмектесеміз дейді. Тіпті жұмыс тауып беруге, университетке түсіруге уәде береді", - деп жазады қалалық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Низамиддин Жамашов.

Ұрлық әйелдер арасында кең таралған қылмысқа айналды. Одан кейін бұзақылық, есірткі қылмыстары, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалаумен байланысты қылмыстар.

"Соңғы 3 жылда қаралған қылмыстық істердің ішінде адам өлтіру, бұзақылық, мал ұрлығы көш бастап тұр. Ең "танымал" қылмыстық істер – ұрлық жасау. Сондай-ақ интернет-алаяқтық, соның ішінде WhatsApp және бейнеқоңыраулар, банктерге шақыру арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттері де аз емес", - деді Низамиддин Жамашов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141673-shymkentte-alaiaqtyq-faktisi-zhiilep-ketken/