Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі Мұз сарайы мемлекетке қайтарылды

Жарияланған күні:

Шымкенттегі Мұз сарайы
Шымкенттегі Мұз сарайы. Фото: otyrar.kz

Шымкент қаласындағы Мұз сарайы мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы қалалық прокуратура ресми сайтында хабарлады.

Құзырлы орган мәліметінше, 2017 жылы Шымкенттегі "Спорт сарайы" ЖШС-ның (қазіргі Мұз сарайы) 67,09 пайыз үлесі жекешелендіріліп, құны 1 млрд теңгеге, яғни нарықтық құнынан 8 есе аз сомаға сатылғаны анықталды.

"Спорт сарайын сатып алған ұйым жекешелендіру рәсіміне заңсыз жіберілген және жарғылық құжаттарға сәйкес спорт саласындағы қызметтермен айналысуға құқығы жоқ болғандықтан, аукционға қатысушы ретінде тіркелуге жатпайды", - делінген хабарда.

Бұл спорт кешені оңтүстік өңірлерде қысқы спорт түрлерін дайындайтын жалғыз орын болып саналады.

Прокуратура өкілдері объектіні жекешелендіру кезінде мемлекет мүлкін қоғам игілігіне тиімді пайдалану қағидасына сәйкес басқаруды міндеттейтін "Мемлекеттік мүлік туралы" заң нормалары бұзылғанын мәлімдеді.

"5 жыл ішінде мемлекет Спорт сарайының үй-жайларын жалға алуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған. Шымкент қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 27 мамырдағы шешімімен жекешелендіру нәтижелері жойылды", - делінген хабарда.

Шешім заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141676-shymkenttegi-sport-saraiy-memleketke-qaitaryldy/