Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күніне екі-үш рет келеді": қостанайлық кәсіпкерлер әскерге шақыру науқанында жиілейтін рейдтерге шағымданды

Жарияланған күні:

Сарбаз киімі
Сарбаз киімі. Көрнекі сурет: gov.kz/memleket

Қостанайда кәсіпкерлер әскерге шақыру науқанынан тағы да шығын шегеміз бе алаңдайды. Көктемгі шақырым кезінде табысынан қағылған іскер жандар әскери прокуратураға шағымданды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қостанайлық кәсіпкерлер көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде шеккен шығынның орынын әлі толтыра алмай жүр. Олар бұл мәселені қорғаныс істері департаментінің басшылығы, әскери прокурорға айтып, шешу жолдарын талқылады.

Биыл әлеуметтік желіде әскерилердің Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті жігіттерді кез келген жерден ұстап әкетіп жатқаны туралы ақпарат тарады. Әскерге баруға құлықсыз жастар бұдан кейін "сақтық" шаралары үшін қоғамдық орындарға, көпшілік шоғырланған жерлерге баруды азайтқан. Мұның кесірінен әсіресе жастар көп жиналатын тамақтандыру, ойын-сауық орындары клиенттерінің басты бөлігінен айырылып, табысынан қағылыпты. Ал мұның арты банк алдындағы кредиттерін өтеуді қиындатып, жалақы, салықты төлеуді кешіктірген.

Кәсіпкер Алдаберген Махановтың айтуынша әскерилер компьютерлік клубына күн-түн демей келіп жастарды жетектіп әкете берген соң мұнда келушілер саны күрт азайған. Ол жастардың Отан алдындағы борышын өтеп, еліне адал қызмет еткендеріне қарсы емес, тіпті қолдайтынын айтады. Бірақ кейде әскери коммиссариат қызметкерлері шектен шығып кетеді деген ойда. Олар қызметтік киімсіз, құжатсыз, тіпті қасына полиция қызметкерін ерітпестен компьютерлік клубқа келіп, рейдтер өткізген.

Алдаберген Маханов
Кәсіпкер Алдаберген Маханов. Фото: KAZ.NUR.KZ

"Әскерге шақыру науқаны барысында 700 мың теңге шығын шектік. Бұл асыра сілтеушілік емес, нақты есеп. Біз әскери комиссариат қызметкерлерінің құжатсыз, ескертусіз, баса-көктеп кіретіні жайлы құзырлы мекемеге шағымданғаннан кейін рейдтерін одан сайын үдете түсті. Күніне 2-3 рет келетін болды", - дейді компьютерлік клуб иесі Алдаберген Маханов.

Алдаберген Маханов секілді өзге де кәсіпкерлердің шағымын мұқият тыңдаған құқыққорғаушылар әскери қызметкерлердің бұл қылығына тексеру жұмыстарын жүргізетінін жеткізді. Олардың іс-әрекетінің заңдылығын анықтаймыз деп уәде берді.

"Егер әскери комиссариат қызметкерлері сіздерге жиі келе беріп, мазаңызды алып жатса шағым жазыңыздар. Біз тексеріп, осы оқиға бойынша ресми түрде нақты бағасын береміз", - дейді Қостанай горнизонының әскери прокуроры Ермек Елмұхамбетов.

Қостанай горнизонының әскери прокуроры Ермек Елмұхамбетов
Қостанай горнизонының әскери прокуроры Ермек Елмұхамбетов. Фото: KAZ.NUR.KZ

Қорғаныс істері жөніндегі департамент мәліметінше, бүгінде отан алдындағы борышын өтеуден жалтарып жүрген 1500 адам іздеуде. Сондықтан жастар жиналатын орындарды тексеруді жиілеткен. Кәсіпкерлер тарапынан да заңбұзушылықтар бар. 60 ұйымға әскер қатарына шақыруға жарамды жігіттердің тізімін беруді сұрап хат жолдаған. Соның 14-і жауапсыз қалдырса, бір кәсіпорын жалған мәліметтер жіберіпті. Әскери комиссиарттың талабын орындамаған басшылар 10 айлық есептік көрсеткіш түріндегі айыппұлмен қоса, қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін.

Автор: Гүлнұр Нұрмағамбетова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141728-kunine-eki-ush-ret-keledi-qostanailyq-kasipkerler-askerge-shaqyru-nauqanynda-zhiileitin-reidterge-shagymdandy/