Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысының бас имамы тағайындалды

Жарияланған күні:

Бектұрсын Уәлиев
Бектұрсын Уәлиев. Фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бұйрығымен Қостанай облысының бас имамы болып Бектұрсын Уалиев тағайындалды. Бұл туралы muftyat.kz хабарлады.

Ол бұған дейін Қостанай қалалық "Марал Ишан" мешітінің имамы қызметін атқарды.

Жаңадан тағайындалған бас имамды өңірдің дін қызметкерлеріне ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров таныстырды.

Сондай-ақ Қостанай облыстық "Аймағанбет қажы Спанұлы" мешітінде өңірдегі қала және аудан бас имамдарының қатысуымен өткен жиында облыстық Дін істер басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы жаңадан тағайындалған бас имам Бектұрсын Торғайбайұлына ізгі тілегін білдіріп, жауапты қызметіне абырой тіледі.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде Қостанай облысының бас имамы ішімдік ішіп, мас күйде ұсталды деген ақпарат тараған.

Осыдан кейін ҚМДБ бас имам дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасады деп мәлімдеп, оны қызметінен босатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141752-qostanai-oblysynyng-bas-imamy-tagaiyndaldy/