Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйінің алдына еккен": түркістандық тұрғыннан 300-ге жуық түп сора тәркіленді (видео)

Жарияланған күні:

Қарасора
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғыннан 300-ге жуық түп сора тәркіледі. Оны үйінің алдына еккен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сіілтеме жасап.

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті бірі өз үйінде құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді сақтаумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ретінде 51 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.

"Жедел уәкілдер оның үйіне тінту жүргізу барысында үйінің алдына егілген 281 есірткіге ұқсас өсімдікті тауып, тәркіледі. Табылған затқа сараптама тағайындалып, оның сора екенін растады", - деп жазады ведомстводан.

Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141773-uiining-aldyna-ekken-turkistandyq-turgynnan-300-ge-zhuyq-tup-sora-tarkilendi-video/