Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көп сене беруге болмайды": экология министрі "Аралға жаңбыр шақырған" Алтай Айнабек туралы айтты

Жарияланған күні:

Ерлан Нысанбаев
Ерлан Нысанбаев. Фото: KAZ.NUR.KZ / Бақытжан Отарбаева

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев "Аралды қайта толтырамын" деп желіде танымал болған Алтай Айнабекке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Әлемдік деңгейдегі ғалымдардың көзқарасынша, Алтай Айнабектің қолданған тәсілі сенімді емес. Екіншіден, Арал өңіріндегі жаңбыр туралы айтатын болсақ, бізге де қызығушылық туғызды. Өзіміздің ғалымдарды шақырып, "Қазгидрометтің" мамандарын шақырып қарағанда, сол күндері жаңбыр жаууы керек болған. Сондықтан дүниежүзі ғалымдарының ұстанымымен айтсақ, бұған көп сене беруге болмайды", - деді министр.

Сондай-ақ ол егер Алтай Айнабек министрмен кездесіп, өнертабысы туралы пікірлескісі келсе, қарсы емес екенін айтты.

"Мен онымен кездескен жоқпын. Ол маған шыққан жоқ. Мен ол адам ғалым ба, кәсіпкер ме, нақты білмеймін. Кездесем десе, оны тыңдау қызық", - деді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Абу-Дабиде тұратын Алтай Айнабек портал тілшісіне сұқбат беріп, әлемде теңдесі жоқ қондырғы ойлап тапқанын айтқан еді.

Кейін "Қазгидромет" өкілдері Аралға "жаңбыр шақырған" Алтай Айнабектің жұмысына пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141791-kop-sene-beruge-bolmaidy-ekologiia-ministri-aralga-zhangbyr-shaqyrgan-altai-ainabek-turaly-aitty/